Кішкентай ғана сақина — құстардың мыңдаған шақырымға созылатын саяхатының құпиясын ашатын үлкен ғылыми мүмкіндік! Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында орнитологиялық зерттеулердің маңызды бағыты қайта жанданды. 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында мамандар құстарды күзгі сақиналау жұмыстарын жүргізіп, 14 түрге жататын 128 құсты сақиналады. Зерттеудің ең қызықты жаңалығы — кәдімгі ементұмсықтың қайта тіркелуі! Бұл құстың Қорғалжын қорығы аумағындағы соңғы тіркелген кездесуі 2013 жылға тиесілі. Араға 13 жыл салып қайта тіркелуі ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Сақиналанған құстардың арасында қырғи, үлкен тағанақ, алаторғай, қамыс сұлыкеші, құнақ және басқа да түрлер бар. Құс аяғындағы кішкентай сақина нені білдіреді? Әрбір сақинаның жеке нөмірі болады. Егер құс кейін қайта кездессе, осы нөмір арқылы оның қоныс аудару бағытын, орын ауыстыру ерекшеліктерін және өмір сүру ұзақтығын зерттеуге болады. Зерттеу жұмыстарына ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы А. Б. Янушевский, ғылыми қызметкер Аида Қазбекқызы және Қырғызстаннан келген практикант Азамат Хасенов қатысты. Аида Қазбекқызы бұған дейін Шоқпақ орнитологиялық станциясында меңгерген тәжірибесін Қорғалжында іс жүзінде қолданды. Ал Қазақстан Республикасы Зоология институты зерттеуге қажетті арнайы сақиналармен қолдау көрсетті. Қорғалжын — сан мыңдаған құстың көші-қон жолдары тоғысатын ерекше мекен. Теңіз–Қорғалжын өңірінде мұндай ғылыми жұмыстарды қайта жандандыру құстардың қозғалысын тереңірек зерттеуге, түрлік құрамын нақтылауға және ұзақ мерзімді мониторингті дамытуға жол ашады. Бүгін құстың аяғына тағылған кішкентай сақина ертең оның үлкен саяхаты туралы ғылымға құнды дерек беруі мүмкін!
Қорғалжында құстарды сақиналау қайта жанданды: 128 құс, 14 түр және 13 жылдан кейінгі ерекше кездесу!
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 7
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Май ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан бейнебақылау камераларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ!
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
«ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГІ» АТАҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Орал қаласының білім беру бөліміАшу
«Ата-ананың үйін тексер» республикалық акциясы өткізілді
АшуШымкентте инвесторлардың құқығын бұзған 4 салық қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды
Шымкент қаласының прокуратурасыАшу
"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары

Табиғатқа ғұмыр арнағандар: Үстіртке арналған 24 жыл
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Сілеусіннің құлағындағы шашақтың сыры неде?
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Емелдің үлкен саяхаты: тазқара балапанының алғашқы ұшулары
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Қаратау флорасы 10 жаңа өсімдік түрімен толықты
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу
Қазақстан табиғатының рекордтарын білесіз бе?
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіАшу