ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚАЛА МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
2026 жылы облыстық бюджеттен абаттандыру жұмыстарына 7 жобаға
8,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту,
27 ойын алаңдарын салу, Қызылорда қаласындағы 8 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне күрделі жөндеу, Қызылорда қаласына қарасты 2 елді мекенге (Ақжарма, Талсуат) жаяу жүргіншілер жолын салу, Қызылорда қаласындағы көше-жол инфрақұрылымын қайта жаңарту, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылындағы суару арық желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік жекешелік-әріптестік тарапынан «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» және «Қызылорда қаласының сыртқы жарықтандыру жүйелерін реконструкциялау, қызмет көрсету және күтіп-ұстау» жобалары бойынша жұмыстарды жалғастыруға 2026 жылға облыстық бюджеттен 3,7 млрд.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.









