ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛУДА
Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
2026 жылы жеке тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға облыстық бюджеттен 161854,5 мың теңге бөлініп, «Отбасы банк» АО ай сайын 900 аса азаматқа төлем жасалуда.








