2026 жылғы 12 қазанда Есіл ауданының бизнес өкілдері үшін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Т.Д. Кабдөшевтің төрағалығымен өтті.Семинарға ауданның ірі агроформированиелерінің өкілдері, сондай-ақ орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға салық заңнамасының негізгі өзгерістері, соның ішінде корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы бойынша жаңа нормалар, сонымен қатар салықтық тексерістер жүргізу, тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі және басқа да өзекті мәселелер түсіндірілді.
Кәсіпкерлер күнделікті қызметінде кездесетін практикалық жағдайларға ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, семинар қатысушылары келесі сұрақтарды қойды:
- ШЖҚ МКК-да қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, атап айтқанда бала тудыруға, мерейтойға, жерлеуге көмек қандай салықтармен салынады;
- жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақылар салықпен салына ма;
- мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдікті несиелерді салықтау;
- ЖШС үшін көлік салығы бойынша төмендетілген коэффициенттерді қолдану тәртібі;
- мүлікті қайта бағалау мерзімдері;
- 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерісті басқа кезеңдерге ауыстыру мүмкіндігі;
- егер ЖШС жалпы белгіленген режимде салық бойынша жеңілдетілген режимдегі ЖШС-ден негізгі құралдарды сатып алса, амортизация мен шегерімдер қалай есептеледі;
- Kaspi.kz қосымшасында ЖК-ні ШҚ режиміне қайта тіркеу кезіндегі проблемалық мәселелер.
Спикерлер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шығып, түскен сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді және тиісті салық заңнамасы нормаларын іс жүзінде қолдану тәртібін түсіндірді.
Бұдан бөлек, қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың алдағы перспективаларын, цифрлық ҚҚС дамытуды, чат-ботты және бизнестің мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл ыңғайлылығын арттыруға бағытталған басқа да заманауи электрондық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында бизнес өкілдері Департамент мамандарымен проблемалық жағдайларды тікелей талқылау мүмкіндігіне ие болды.








