ОБЛЫС БОЙЫНША АЛДАҒЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БЕКІТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛДІ.
Биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға
5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, 1 газтурбиналық қондырғыға күрделі жөндеу,1,3 шақырым жылу желісі 1 дана қазандық, 1 дана турбина және 10 дана автономдық қазандықтар мен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Желілерге гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге алдағы жылу беру маусымын жаңа жылу электр орталығы арқылы жылу беру маусымында 4 дана жылыту қазандығы арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Облыстағы жалпы саны 1 079 әлеуметтік нысандарға (505 білім беру, 247 денсаулық сақтау, 322 мәдениет және спорт нысандары, 5 әлеуметтік сала) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні энергетикалық және әлеуметтік нысандарға дайындық паспортын алынды.







