Мемлекеттік қызметшілерге әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

    1 / 3

    Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, діни сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді.

    Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы, азаматтардың көз алдында мемлекеттік органның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, Әдеп кодексінің 10-тармағына сәйкес қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу мәселесіне назар аударылды.

    Жиын барысында Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандарға діни сауаттылықты арттыру, діни мәселелерге қатысты ақпаратты дұрыс қабылдау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау бағыттары бойынша ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы өзекті мәселелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырып бойынша спикер – экономика ғылымдарының магистрі, экономист-қаржыгер Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы.

    Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметтің беделін нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ" жаңалықтары