
Шымкентте 1 қазан – Қарттар күніне орай 70 жасқа толған және одан асқан 35 973 азаматқа бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Төлем мөлшері – 3 АЕК, яғни, 12 975 теңге.
Әлеуметтік қолдау шарасы қала әкімінің бастамасымен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 80 жастан асқан жалғызілікті 101 азаматқа ай сайын 2 АЕК, яғни 8 650 теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленеді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына 2026 жылғы 31 наурыздағы №202 қаулымен өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес арнаулы күндерге арналған бір реттік әлеуметтік төлем жылына бір рет қана беріледі.
Осыған байланысты бұған дейін атаулы мерекелік күндерге орай бір реттік төлем алған азаматтарға Қарттар күніне арналған төлем төленбейді.
Атап айтқанда, тыл ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шегіп, мүгедектік алған азаматтарға тиісті атаулы күндерде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Сондықтан бұл санаттағы азаматтар Қарттар күніне арналған төлемді қайта алмайды.









