ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні ретінде аталып өтеді. Атаулы күннің негізгі мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру, еңбек әулеттерінің өнегесін насихаттау және қоғамда еңбекке деген құрметті қалыптастыру.

    Шымкент қаласында Еңбек күніне орай еңбек саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 21 азаматқа Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Утебаева қала әкімінің Алғыс хатын табыстады.

    Жиын барысында «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.

    Марапатталған тұрғындар өндіріс, құрылыс, көлік және энергетика, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызмет және басқа да маңызды салаларда еңбек етіп жүрген жандар.

    Еңбек адамын ұлықтау – адал еңбектің қадірін арттырып, жас ұрпақты еңбекқорлыққа баулудың және жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын насихаттаудың маңызды тетігі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ" жаңалықтары