Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында 2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар мен негізгі нәтижелер

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында 2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар мен негізгі нәтижелер

    Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында 2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы Басқарма басшысы Ж. Утебаева баяндама жасады.

    Басты назар – азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдауды күшейту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталды.

    Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ:
    🔹 Жұмыспен қамту: жыл соңына дейін 31 398 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 1 қыркүйекке дейін 26 753 адам қамтылып, оның 16 594-і тұрақты жұмысқа орналасты. Жазғы кезеңде 298 студент пен мектеп оқушысы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

    🔹 Атаулы әлеуметтік көмек: 1 858 аз қамтылған отбасыға 9 597 адамға тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда АӘК алатын отбасылар саны 61%-ға төмендеді.

    🔹 Ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдау: Санаторлық-курорттық ем алуға 8 735 адамды қамту жоспарланып, бүгінге дейін 5 090 азаматқа жолдама берілді.

    🔹 Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау: 43 924 азамат тіркелген. Оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша 52 515 өтінімнің 42 330-ы орындалды, яғни 80,7%.

    🔹 Арнаулы әлеуметтік қызметтер: 3 261 азамат қызметтермен қамтылды. Сонымен қатар 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

    🔹 Көші-қон: Жыл басынан бері 68 отбасыға (142 адамға) «қандас» мәртебесі берілді. 143 отбасы (586 адам) еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударды.

    Әр бағыт бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігі мен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыруға басымдық береміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» КММ" жаңалықтары