Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Р. Б. Ильясов төрағалық етті. Жиынға Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бас маманы Ерасыл Мұхтаров қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) толық тіркеу, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақтылы төленуі, сондай-ақ қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті ұсынған тізімге енгізілген жұмыс берушілердің мәселелері тыңдалды. Отырысқа қатысушыларға еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек шарттарын тіркеу, міндетті төлемдерді уақтылы аудару және қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарымен салыстыру жұмыстарын жүргізу, міндетті төлемдер бойынша ықтималсәйкессіздіктерсебептерін анықтау және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.









