Кітап оқитын мемлекеттік қызметші

    1 / 4
    Мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, сыни ойлау қабілетін дамыту және білімге деген құштарлықты арттыру мақсатында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайыс барысында қатысушылар кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуындағы, дүниетанымды кеңейтудегі және кәсіби дамудағы маңызын талқылап, өз ойларын ортаға салып, шешендік өнерлері мен дәлел келтіру қабілеттерін көрсетті. Пікірсайыс қорытындысы бойынша Кульбаева Дания Нурмахановна бас жүлдеге ие болса, Орынқожа Айдана Орынқожақызы ІІ орынды иеленді! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Кітап оқу — білімнің бастауы, ой-өрістің кеңеюі және кәсіби дамудың негізі. Кітап оқитын мемлекеттік қызметші — саналы шешім қабылдайтын, ел игілігі үшін қызмет ететін тұлға!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары