Талдықорғанда 13 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады

    Талдықорған қаласында 13 қазаннан бастап жылыту маусымы басталады. Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу беріледі.

    Қала бойынша орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 835 көпқабатты тұрғын үй, 1 285 жеке тұрғын үй, 210 бюджеттік ұйым және 1 322 коммерциялық нысан қосылған.

    Құрметті қала тұрғындары!

    Жылу беру кезеңінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жылыту жүйелері мен радиаторлардың жарамдылығын алдын ала тексерулеріңізді сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары