Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесу өткізді. Тараптар білім беру сапасын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау және үздік педагогикалық тәжірибелерді еліміздің мектептеріне кеңінен тарату мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында «Білім-инновация» лицейлерінің білім беру жүйесіндегі тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көптілді білім беру, жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқыту, оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға даярлау, сондай-ақ білім мен тәрбиені ұштастыру бағытындағы жұмыстар қарастырылды.
Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі «Келешек мектептері» жобасы аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері болды. Атап айтқанда, жаңа форматтағы мектептерде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесіне негізделген арнайы сыныптар ашу, тиімді оқыту әдістемелерін қолдану және педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайту, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған тәжірибелерді кеңінен қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Жұлдыз Сүлейменова «Білім-инновация» лицейлерінің басшылығымен кездесті
1 / 6
Ұқсас материалдар

Кәсіпкерлерге білім беру саласындағы лицензиялау талаптары түсіндірілді
Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіАшу
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салынып жатыр
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыАшу
Департаментте «Ашық есік күні» аясында азаматтарды қабылдау өткізілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Глубокое ауданы мен Ертіс ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесуі өтті
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қарттар айлығына орай ауданы әкімдігі ауданымыздың қарт тұрғындарын құттықтауды жалғастыруда
Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
70 мыңнан астам ауыл оқушысы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстанның спорттық робототехника құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатына қатысуда
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшуПрезидент білім саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Президент: «Көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады»
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу