Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» кәсіби шеберліктің XI республикалық чемпионаты басталды

    1 / 9

    Елордада еліміздің барлық өңірінен келген 840-тан астам конкурсант пен мыңға жуық сарапшының басын қосқан «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және білікті кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөліп келеді. 2027 жылдың Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы болып жариялануына орай жастардың кәсіби дағдыларын дамыту ерекше маңызға ие.

    Салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, чемпионаттың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызын атап өтті және қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Сайыстар алты бағытты қамтитын 44 құзыреттілік бойынша өтеді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары бар.

    Биылғы чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі - жекелеген конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарының қолданылуы. Бұл қатысушыларға кәсіби міндеттерді орындауда заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

    Сайыстар 26-28 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 30 қарашада өтеді.

    Чемпионаттың ұйымдастырушысы - Оқу-ағарту министрлігі, ұлттық операторы - «Talap» КеАҚ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары