Оқу-ағарту министрлігінде Жолдаудағы тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

    1 / 13

    Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланды.

    Отырысты ашқан Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жолдауда оқу-ағарту саласына қатысты қойылған міндеттерге тоқталды.

    «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі мектептің күнделікті өмірінен көрінуі тиіс. Педагогтердің есепке кететін уақыты қысқарып, құқықтары қорғалуы, ал балалар өздеріне қажет қолдауды дер кезінде алуы керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.


    Отырыста министрлікке жүктелген барлық тапсырманың орындалу барысы қаралды. Баяндамашылар балалардың құқықтарын қорғау, орта білім сапасын арттыру, инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Мектептердегі тәрбие жұмысы, балаларға қосымша білім беру және педагогтердің біліктілігін арттыру бағыттарындағы алдағы шаралар туралы да айтылды.

    Мектеп инфрақұрылымын дамыту бойынша «Халықтық құрылыс» бастамасының іске асырылу барысы таныстырылды. Бастама жаңа мектептер салу және қолданыстағы мектептерді кеңейту арқылы қосымша оқушы орындарын ашуды көздейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары