
«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу АПБ ҚҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б. Хыдыров әкімшілік аумақта рейдтік іс-шара жүргізу барысында жалға берілетін пәтерді анықтады.
Рейд барысында тұрғын үйді жалға беру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, жалға алушылардың жеке басын анықтау және оларды белгіленген тәртіппен тіркеу қажеттілігі түсіндірілді.
Аталған дерек бойынша жалға беруден алынған кірісті декларациялау және салықтық міндеттемелерді орындау талаптарының сақталуын тексеру үшін жинақталған материалдар Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі









