«ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»

    «ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ»
    Бүгін Қазығұрт ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік шара өтті.
    Мерекелік жиында аудан әкімі Азизхан Исмаилов барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі еңбектеріне алғысын білдірді.
    – Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, адам тағдырына жауапкершілікпен қарау, ұлттың болашағына қызмет ету. Өйткені мемлекеттің ертеңі бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Білім мен біліктілік – ел дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі. Осы жолда сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың маңызы айрықша. Ұрпақ тәрбиесіне қосып жүрген өлшеусіз еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
    Шара барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды.
    Атап айтқанда, бірқатар педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ыбырай Алтынсарин» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
    Мерекелік кеште аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары ұстаздар қауымына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сахналық қойылымдар мен әсем әндерден шашу шашты. Сонымен қатар, «Балауса» халықтық би ансамблі өздерінің әсерлі билерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары