
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «Бірыңғай есеп беру күні» аясында кеңес өтті. Іс-шара кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерін бақылау-қадағалау органдарының қызметі және кәсіпкерлермен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы ақпараттандыруға бағытталды.
Кеңеске бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысып, өз қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қанат Искаков Департамент пен аумақтық басқармалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстары туралы баяндады.
Өз сөзінде ол мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың әртүрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті. Оның ішінде санитариялық талаптардың сақталуын бақылау, сондай-ақ профилактикалық және жоспардан тыс бақылау іс-шараларын жүргізу қарастырылған.
Өнімнің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін бақылау мақсатында сатып алу және зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда қажетті шаралар қабылданады, оның ішінде тұтынушылардың денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін өнімді айналымнан алып қою және кері қайтарып алу шаралары жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық тергеп-тексерулер жүргізуге, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, тұру, білім беру, денсаулық сақтау және балаларды сауықтыру объектілеріне күшейтілген бақылау жүргізуге ерекше назар аударылды.
Қорытындылай келе, Қанат Искаков Департамент қызметі санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді төмендетуге, өнімдер мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, санитариялық нормалар мен заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ халықтың денсаулығын қорғауға бағытталғанын атап өтті.








