Оқитын ұлт

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Оқитын ұлт
    "Оқырман ұлт" жобасы аясында Пресновка ауылдық кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай күніне арналған "Абай-ұлы тұлға, ұлы мұра" атты әдеби – танымдық сағат өткізді.
    Іс-шараның мақсаты: Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасын дәріптеу, қазақ әдебиетін оқуға және шығармаларға деген қызығушылықты дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ "оқырман ұлт" жобасын іске асыру
    Қатысушылар Абай өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерімен танысты, оның әйгілі шығармалары мен "қара сөздерін" еске алды, ұлы ақынның өлеңдері де айтылды, оның шығармашылығы бойынша танымдық әңгіме мен викторина өткізілді, сондай-ақ Абай шығармаларының қазіргі ұрпақ үшін маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Білім, Еңбек, мейірімділік, тәрбие және өзін-өзі дамытуға ұмтылу сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды.Іс-шара танымдық және мейірімді атмосферада өтті. Қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтіп, оның әдеби мұрасына қызығушылық танытты



    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары