Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық аралау
Өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында ішкі істер полиция бөлімінің, Төтенше жағдайлар бөлімінің және әкімдік өкілдерімен бірлесіп профилактикалық аралау жүргізілді.
Аралау барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, пештерін қауіпсіз пайдалану ережелері, мұржаларды уақтылы тазалау, пештердің жарамдылығын тексеру, жылыту құралдарын пайдалану ережелері, ақаулы электр жабдықтарын пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді.
Тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады! Өзіңізді, жақындарыңызды және мүлкіңізді қорғаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









