Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауылдық округ туралы

    Лесный ауылдық округінің құрамына екі ауылдары Пресновка және Глубокое кіреді. Облыс орталығынан Лесной округіне дейін 25 км, аудан орталығынан 35 км, екі ауыл да көркем жерлерде , көлдердің жанында орналасқан.

    Пресновка ауылы Петропавл — Есіл республикалық тас жолынан 3 км жерде орналасқан. Глубокое ауылы Петропавл-Налобино облыстық трассасынан 2 км қашықтықта орналасқан. Округ ауылдарының көшелерінде асфальт төселген. Екі ауыл да Есіл Су топтық су құбырына қосылған, ауылдар бойынша су тарату желілері төселген. Округте 2 мектеп, Пресновка орта мектебі және Глубокое негізгі мектебі, мектептерде шағын орталықтар жұмыс істейді. Мәдениет нысандары бар: Пресновка ауылдық клубы және ауылдық кітапхана, типтік ғимаратта орналасқан. Глубокое ауылында ауылдық клуб және кітапхана бар. Ауыл телефондандырылды. Пресновка ауылында дәрігерлік амбулатория бар. Глубокое ауылында фельдшерлік пункт бар. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері бар.