ШҚО-да мемлекеттік қызметшілермен әдеп және адалдық мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді

    ШҚО-да мемлекеттік қызметшілермен әдеп және адалдық мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді

    Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілермен «Әдеп және адалдық.

    Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында интерактивті пікірталас өтті. Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп кодексінің негізгі талаптарын, қызметтік тәртіпті сақтау, қарым-қатынас мәдениеті, адалдық, әділдік және өзара сыйластық қағидаттарын түсіндірді.

    Ашық диалог форматында әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және мемлекеттік қызметшінің жауапты мінез-құлқына қатысты практикалық жағдайлар талқыланды.

    Мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметінде қызметтік әдеп нормалары мен адалдық қағидаттарын сақтау мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін нығайтудың маңызды факторы екені атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары