АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕНДІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕНДІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

    Алматы облысы Полиция департаментінің бастығының нұсқауына сәйкес қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

    Іс-шараларға Полиция департаменті мен аумақтық бөлімшелердің басшылық құрамы жұмылдырылды. Жұмыс әр ауданның жедел жағдайы мен ерекшеліктерін ескере отырып, тікелей жергілікті жерлерде ұйымдастырылуда.

    Профилактикалық іс-шаралардың алғашқы кезеңдерінің бірі Қарасай ауданында өткізілді. Полиция қызметкерлері бөлімше басшыларымен бірлесіп патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуын тексеруде. Құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

    Осыған ұқсас жұмыстар Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында жүргізілуде.

    – Негізгі басымдық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың жолын дер кезінде кесуге бағытталған. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ұлан Садықов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары