АЛАЯҚТАР ЖӘБІРЛЕНУШІНІ АЛДАЙ АЛМАҒАН СОҢ БАЛАҒАТ СӨЗДЕРГЕ КӨШТІ

    АЛАЯҚТАР ЖӘБІРЛЕНУШІНІ АЛДАЙ АЛМАҒАН СОҢ БАЛАҒАТ СӨЗДЕРГЕ КӨШТІ

    Полиция қызметкерлері телефон арқылы жасалған кезекті алаяқтық әрекеттің жолын кесті. Бұл жолы қаскөйлер егде жастағы ер адамды алдамақ болған, алайда қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады.

    Телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқтар зейнеткерді ұялы телефонына келген кодты айтуға көндірген. Алайда ер адам саспай, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялайтын ескертулерін есіне түсірген.

    Әңгімелесудің алаяқтық сипатта болуы мүмкін екенін түсінген ол қоңырауды тоқтатып, қаскөйлердің талаптарын орындамай, жеке деректері мен қаражатын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдаған.

    Ойлаған мақсатына жете алмаған алаяқтар кейін балағат сөздерге көшкен. Бұл жағдай қаскөйлердің адамды абдыратып, ойланбастан әрекет етуге мәжбүрлеу үшін түрлі психологиялық тәсілдерді қолданатынын тағы бір көрсетеді.

    Полиция ескертеді: банк, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан SMS арқылы келген кодтарды, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді және басқа да құпия ақпаратты сұрамайды.

    Басты қағида - асықпау және алаяқтардың сіздің әрекетіңізді басқаруына жол бермеу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары