ЖИ камералары, дрондар және күшейтілген патруль: ШҚО ПД 9 айды қорытындылап, қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін айқындады

    ЖИ камералары, дрондар және күшейтілген патруль: ШҚО ПД 9 айды қорытындылап, қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін айқындады

    ЖИ камералары, дрондар және күшейтілген патруль: ШҚО ПД 9 айды қорытындылап, қауіпсіздіктің жаңа тәсілдерін айқындады

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті. Жиында 2026 жылдың 9 айындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде озық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

    Кешенді жұмыстың нәтижесінде өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Қылмыс деңгейі 13,3%-ға төмендеді.

    Цифрландыру және технологиялық жаңғыру

    Шығыс Қазақстан полициясының дамуындағы негізгі бағыттардың бірі – заманауи технологияларды кеңінен енгізу.
    Қызметкерлердің күнделікті жұмысына:

    • қауіп-қатерді жедел анықтауға және құқық бұзушыларды іздеуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды бейнекамералар;
    • қала сыртындағы жолдар мен қолжетімділігі қиын аумақтарды бақылауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары;
    • шақыртуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық жабдықтар белсенді енгізілуде.

    Қала сыртындағы жолдар мен көше-жол желісінің қауіпсіздігі

    Көшелердегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында патрульдік экипаждардың тығыздығы үштен беске дейін арттырылды. Жедел жағдайға қарай патрульдеу бағыттарын өзгертуге мүмкіндік беретін «икемді патрульдеу» жүйесі енгізілді.
    Апат қаупі жоғары қала сыртындағы тасжол учаскелеріне 26 жарықдиодты стробоскоп орнатылып, екі жаңа модульдік бекет жабдықталды.

    Есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес

    Жыл басынан бері ШҚО полицейлері заңсыз айналымнан 600 келіден астам есірткі затын, оның ішінде шамамен 111 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі.

    Өңірдің бас полицейі бөлімшелер алдына нақты міндет қойды: жасырын есірткі өндіретін өсімдік және синтетикалық зертханалардың қызметін қатаң тоқтату, есірткіні өткізу арналарының жолын кесу, сондай-ақ ғимараттардың қабырғаларына есірткі жарнамасын жазатын граффити авторларын жедел анықтау.

    Әлеуметтік қорғау және экологиялық бастамалар

    Облыс полициясы тұрмыстық салада және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөледі.

    Отбасын қолдау: өңірде баспанасы бар екі дағдарыс орталығы, екі «Жанұя» орталығы және «Феникс» бейімдеу орталығы жұмыс істейді. «Феникс» ҮЕҰ-мен жасалған меморандум аясында жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу жұмыстары күшейтілді.

    Экологиялық қауіпсіздік:

    «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында полицейлер 481 стихиялық қоқыс үйіндісін анықтап, оның 450-і жойылды.

    Біздің басты мақсатымыз – жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау және халықтың полицияға деген жоғары сенім деңгейін сақтау. Сапалы профилактика мен заманауи технологиялық жарақтандыру – Шығыс Қазақстанның әрбір тұрғыны мен қонағының тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

    Кеңес қорытындысы бойынша қала және аудандық бөлімшелердің басшыларына өздеріне бекітілген аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары