Апта қорытындысы: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзған 55 фактінің жолы кесілді

    Апта қорытындысы: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзған 55 фактінің жолы кесілді

    Апта қорытындысы: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзған 55 фактінің жолы кесілді

    «Таза Қазақстан» аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көшелер мен қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

    Тек бір апта ішінде облыс аумағында 55 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 51-і – абаттандыру қағидаларын бұзу, 4-еуі – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері.

    Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу фактілері анықталып, олардың жолы кесілуде.

    Жұмыс тек рейдтік іс-шаралармен шектелмейді. Құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы да анықталады. Әрбір факті бойынша полиция тарапынан жедел шаралар қабылданады.

    Мәселен, Өскемен қаласында азамат қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шемонаиха ауданында асфальт жабынына граффити салған азамат анықталды. Аталған факті бойынша да заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    Полиция «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде жұмысты жалғастырады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары