Өскеменде қоғамдық пайдаланудағы аумақты ластаудың жолы кесілді

    Өскеменде қоғамдық пайдаланудағы аумақты ластаудың жолы кесілді

    Өскеменде қоғамдық пайдаланудағы аумақты ластаудың жолы кесілді

    «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында Өскеменде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісінің жолы кесілді.

    Бейнебақылау камерасы Бажов көшесіндегі дәмхананың автотұрағында азаматтың шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық пайдаланудағы аумақты ластағанын тіркеді.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Ол 24 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

    Жасалған құқық бұзушылық үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтың салдары жойылды.

    Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға және ортақ пайдаланылатын орындарға ұқыпты қарауға бағытталған.

    Полиция тазалық пен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады. Белгіленген талаптарды сақтау – айналадағы адамдарға деген құрметтің және баршаға қолайлы орта қалыптастырудың негізі.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары