
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау мәселелері жөніндегі 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулыға өзгерістер енгізді.
Өзгерістер Конституциялық Соттың 2026 жылғы 12 маусымдағы № 88-НҚ нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстанымын орындау мақсатында қабылданды.
Бұған дейін Конституциялық Сот басқа іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі бұрын қабылданған шешімнің негізіне алынған нақты мән-жайларды теріске шығарса және бұл мән-жайлар іс үшін елеулі маңызға ие болса, сот актісін қайта қарау мүмкіндігін көздеу қажеттігін атап өткен болатын.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес мұндай сот актісі бұрын қабылданған сот актісін қайта қарауға негіз болып танылады.
Бұл бірдей елеулі мән-жайлар бойынша бір-біріне қарама-қайшы тұжырымдар қамтылған сот актілерінің күшінде қалу жағдайларын жоюға мүмкіндік береді және сот арқылы қорғалу құқығының кепілдіктерін күшейтеді.








