Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: сот актілерімен келіспеу конституциялық бақылауға негіз болып табылмайды

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: сот актілерімен келіспеу конституциялық бақылауға негіз болып табылмайды

    Конституциялық Сот тергеу судьясының өкілеттіктерін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 55-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

    Өтініш субъектісінің пікірінше, арыз дау айтылып отырған норма Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгенге дейінгі кезеңде сот арқылы қорғалу мүмкіндігін жоққа шығарады.

    Конституциялық Сот арыз иесінің шағымын қараусыз қайтаруға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталмауы негіз болғанын анықтады. Соттар осы сатыда қылмыстық-процестік заңнамада көзделген сот бақылауының нысанасы жоқ деген тұжырымға келген.

    Сот әркімнің сот арқылы қорғалу құқығы заңда белгіленген тәртіппен және нысандарда іске асырылатынын атап өтті. Конституция сот арқылы қорғаудың нақты түрлері мен нысандарын айқындамайды, оларды белгілеуді заң шығарушының құзыретіне жатқызады.

    Сонымен бірге өтініш субъектісінің дәлелдері соттардың қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдануының дұрыстығын бағалауға бағытталған және іс жүзінде қабылданған сот актілерімен келіспейтінін білдіреді. Сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді.

    Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау үшін құқықтық негіздер жоқ деген қорытындыға келді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты" жаңалықтары