ҚАРТТАРЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!

    ҚАРТТАРЫМЫЗ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!

    Бүгін Жоламан ауылдық округінде Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік жиында ардақты ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Мәдениет үйінде мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем ән мен күмбірлеген күй көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара соңында қарттарымызға арнайы дастархан жайылып, ақ баталары алынды.

    Қарияларымыз – елдің берекесі, ұрпаққа үлгі болар даналық пен өнегенің қайнар көзі. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – біз үшін баға жетпес қазына.

    Барша ардагерлеріміз бен аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!

    Қарттарымыз аман, шаңырағымыз шаттыққа толы болсын! 🤍

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары