НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Жоламан ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының зияны туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарының қызметкерлеріне есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері, есірткінің заңсыз айналымына байланысты жауапкершілік және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық жадынамалар таратылып, тұрғындарға есірткіге тәуелділіктің алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер берілді.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден сақтандыру және қауіпсіз, салауатты орта қалыптастыру.
Бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.






