ЖОЛАМАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    1 / 5

    ЖОЛАМАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    2026 жылғы 29 қазанда Жоламан ауылдық округінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.

    Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы көрсетілетін қызметтер, қажетті құжаттарды рәсімдеу және электрондық форматта өтініш беру тәртібі жөнінде ақпарат берілді.

    Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі, уақытты үнемдеу мүмкіндіктері және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтар түсіндірілді.

    Жәрмеңке барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде қажетті мәліметтермен танысты.

    Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын дамыту және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету.

    Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты алдағы уақытта да тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытындағы іс-шараларды жалғастырады.

    Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты

    29 қазан 2026 жыл

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары