Ақтау қаласының әкімі көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Ақтау қаласының әкімі көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Бүгін, 7 қазанда Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Барлығы 8 ана марапатталып, оның ішінде 3 анаға «Алтын алқа», 5 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.

    Қала әкімі марапат иелерін құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде аналардың еңбегі айрықша екенін атап өтті.

    – «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Сіздер – отбасының берекесін ұйытып, ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған ардақты жандарсыздар. Еңбектеріңіз әрдайым елдің құрметіне лайық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мол бақыт және қажымас қайрат тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын! – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Өз кезегінде алтын құрсақты аналар көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдірді.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары