
АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Халықаралық қарттар күніне орай Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова зейнеткер Саржанова Шайзада Исақызына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Шайзада Исақызы 1941 жылғы 25 қазанда дүниеге келген. 1964 жылы Талдықорған бухгалтерлік мектебін «бухгалтер-кассир» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 17 жасында мектепті аяқтағаннан кейін Талдықорған ауданындағы «Победа» атындағы колхозда бастаған. Кейіннен қаладағы Мемлекеттік банкте, сондай-ақ қорғасын аккумуляторлары зауытында еңбек етіп, осы жерде зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет атқарған. Жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.
Шайзада Исақызы бүкіл ғұмырын адал еңбекке арнап, қоғамның дамуына лайықты үлес қосты. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Екі баланы тәрбиелеп өсірген ардагердің бүгінде екі немересі мен жеті шөбересі бар.
Кездесу барысында Департамент басшысы З.Илимжанова Шайзада Исақызына көп жылғы адал еңбегі мен өнегелі өмір жолы үшін шынайы алғысын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық амандық тіледі. Құрмет пен ізеттің белгісі ретінде сыйлықтар себеті табысталды.







