
Тараз қаласында санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Қала аумағындағы көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазаланып, жиналған қоқыс шығарылуда. Сонымен қатар, тазалық талаптарының сақталуына бақылау күшейтіліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Тазалық – бір күндік жұмыс емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Қаланың көркі мен жайлылығын сақтау әр тұрғынның ортақ үлесінен басталады.









