Ауыл Спорт – 2026»: Қостанайда облыстық жарыстар басталды

    Ауыл Спорт – 2026»: Қостанайда облыстық жарыстар басталды

    Қостанай қаласында «Ауыл Спорт – 2026» спорттық жарыстарының өңірлік кезеңі басталды. 5-10 қазан аралығында Қостанай облысының әр өңірінен келген жас спортшылар үздіктер қатарынан көріну және республикалық деңгейде облыс намысын қорғау үшін бақ сынайды.

    Биылғы жарысқа облыстың 17 өңірінен 405 бала қатысуда.

    Жас спортшылар спорттың жеті түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды:

    бокс;баскетбол;волейбол;еркін күрес; үстел теннисі; шағын футбол; шахмат.

    Бұл жарыс – жас спортшылар үшін өз шеберлігін шыңдап, спорттық әлеуетін көрсетуге және үлкен жетістіктерге бастар жолда жаңа қадам жасауға мүмкіндік.

    Облыстық кезеңнің әр спорт түрі бойынша жеңімпаздары 3-7 қараша аралығында Астана қаласында өтетін республикалық жарыстарда Қостанай облысының намысын қорғайды.

    Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары