Қазақстан мектептері жасанды интеллект пен цифрлық платформалармен қамтамасыз етіледі

    Қазақстан мектептері жасанды интеллект пен цифрлық платформалармен қамтамасыз етіледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық мектептері заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект технологияларына қолжетімділік алатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл технологиялар мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, күнделікті рутиналық міндеттерді қысқартуға және оқушыларға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

    Мемлекет басшысы заманауи технологиялар қала мектептеріне ғана емес, ауыл мектептеріне де толық қолжетімді болуы тиіс екенін айрықша атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның қызметін толықтырып, тиімді көмекші құрал ретінде жұмыс істейді.

    Жиын барысында жастардың ұстаз мамандығына деген қызығушылығы артып келе жатқаны да атап өтілді. Атап айтқанда, биыл 12 мыңнан астам түлек педагогикалық мамандықтар бойынша грант иегері атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары