Қазақстанда мектеп асханалары мен қосымша білім беру саласы кеңейіп жатыр

    Қазақстанда мектеп асханалары мен қосымша білім беру саласы кеңейіп жатыр

    Бүгінгі таңда Қазақстанда 1,4 миллионнан астам бала тегін мектеп тамағымен қамтылған. Оның ішінде барлық бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы 230 мың бала бар. Бұл бағдарламаға жыл сайын 210 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

    Сонымен қатар қосымша білім беру жүйесі де белсенді дамып келеді: 2025 жылы бұл саламен шамамен 3,5 миллион бала немесе оқушылардың 90 пайызы қамтылды. 2026 жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға, ал 2027 жылдан бастап 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

    Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 2019 жылдан бері елімізде 1300-ден астам мектеп салынды. Ал «Келешек мектептері» жобасы аясында 460 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы 217 мектеп есігін ашты. Қазіргі таңда тағы 101 мектептің құрылысы жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары