Қазақстанда бірінші сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары жаңартылды

    Қазақстанда бірінші сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламалары жаңартылды

    Қазақстанда бірінші сынып оқушылары үшін оқу бағдарламалары жаңартылды. Өзгерістер тілдік пәндерге, оқу және жазуға дайындыққа, сондай-ақ қазақ тілінде алғаш рет оқи бастаған балаларды оқыту үдерісіне қатысты енгізілді.

    Жаңа түзетулерге сәйкес, әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа ұзартылды, «Әліппе» пәніне 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықтан бастап оқытылады. Сонымен қатар қазақ тілінде алғаш рет білім алатын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі.

    Жаңартылған бағдарламаларды 2028 жылға қарай барлық бірінші сынып оқушылары үшін толық енгізу жоспарланып отыр. Бұл шара математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын арттырады деп күтілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары