БӘЙДІБЕК: АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    БӘЙДІБЕК: АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    Мұғалімдер күніне орай аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ұзақ жылдар бойы білім саласында еңбек еткен ардагер ұстаз Мақұлбек Тілеубердиевтің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
    Кездесу барысында Ұласбек Сәдібеков ардагер ұстаздың елге сіңірген еңбегіне тоқталып, саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнағанын атап өтті. Ұстаздың еңбек жолы мен кейінгі буынға қалдырған өнегесін жоғары бағалап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын тіледі. Сондай-ақ ардагердің ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің жас ұрпақ үшін қашанда маңызды екенін айтып, мерекелік жылы лебізін білдірді.
    Мақұлбек Тілеубердиев – ұстаздық жолда 45 жыл еңбек еткен білікті маман. 1949 жылдан 1994 жылға дейін Шаян ауданындағы бірқатар мектептерде ұзтаз болып, талай шәкіртке білім мен тәрбие берді.
    Ардагер ұстаздың еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Мақұлбек Тілеубердиев «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Сондай-ақ Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.
    Зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысына атсалысып келеді. Туған жері Жиенқұм елді мекенінің дамуына да өзіндік үлесін қосып, ел арасында ақылын айтып, кейінгі буынға бағыт-бағдар беріп жүрген беделді қария.
    Барша ұстаздарды кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Ұлағатты еңбектеріңіз бағаланып, шәкірттеріңіздің жетістігіне куә бола беріңіздер!
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары