Судағы қауіпсіздік: білім тәжірибеде бекітілді

    Судағы қауіпсіздік: білім тәжірибеде бекітілді

    Қостанай облысында ТЖД қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша практикалық сабақ өткізді.

    Сабақ барысында ТЖД мамандары су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін, жұмыстарды орындау және жүзу құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ оқиғалардың алдын алу шараларын түсіндірді.

    Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды практикалық түрде пысықтауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, адамның борттан құлауы, жүзу құралының істен шығуы, ауа райының күрт нашарлауы және суда қауіпті жағдайға тап болған адамды анықтау кезіндегі әрекеттер қарастырылды.

    Күз мезгілінің басталуына байланысты сабақтың жеке бөлімі алғашқы мұз қату кезеңіндегі қауіпсіздікке арналды. Қатысушыларға жұқа мұздың қауіптілігі, ойықтардың пайда болуы мүмкін жерлер және су айдындарының маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Практикалық бөлім нақты жағдайларды талдау негізінде өткізіліп, қатысушыларға алған білімдерін бекітіп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кездегі іс-қимыл ретін пысықтауға мүмкіндік берді.

    Мұндай сабақтарды өткізу қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыруға және су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары