
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде басшылық құрам мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында қызмет бағыттары бойынша Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Хасенов Жаслан Жангалиевич және Такенов И. баяндама жасады.
Қатысушылар бөлімшелер жұмысының ағымдағы нәтижелерін, қызметті ұйымдастыру, төтенше жағдайларға ден қоюға күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы мәселелерін қарастырды.
Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына ерекше назар аударылды. Жауапты басшыларға жоспардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіпті бақылауды күшейту және бекітілген бағыттар бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер қойылды.
Кеңес аясында кадрлық өзгерістер де жеткізілді. Департаменттің бірқатар қызметкерлері құрылымдық және аумақтық бөлімшелердегі жаңа лауазымдарға тағайындалды.









