Биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды цифрлық таңбалау

    Биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды цифрлық таңбалау

    2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап биологиялық белсенді тағамдық қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабы күшіне енді. Көрсетілген күннен кейін өндірілген барлық өнімге Data Matrix коды қойылуы тиіс.

    ББҚ міндетті қадағалану жүйесін енгізу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған. Осы күннен бастап өнім айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, нарыққа қатысушылар арасында тауарды өткізу кезіндегі әрбір операция электрондық түрде расталатын болады.

    Цифрлық таңбалау аясында өнімнің әрбір бірлігіне қаптамасына қойылатын бірегей Data Matrix коды беріледі. Бұл код таңбалау және тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ететін бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Соның нәтижесінде өнімнің қозғалысын өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дүкен сөресіне дейінгі барлық кезеңде бақылауға мүмкіндік туады.

    Мемлекет бұл шара ББҚ нарығындағы өнім айналымының ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, адал кәсіпкерлерді жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға және заң бұзушылықтарды уақтылы анықтауға ықпал етеді деп күтуде. Таңбалау жүйесі нарықтың басым бөлігін қамтығаннан кейін тұтынушылар Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы қаптамадағы Data Matrix кодын сканерлеп, сатып алып отырған ББҚ-ның заңды айналымда екенін өз бетінше тексере алады.

    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөліміне 8 (7142) 54-31-99 телефоны арқылы хабарласып, кеңес алуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары