
Шымкентте той кортежін ұйымдастыру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірген жүргізушілер анықталды.
Аталған фактілер бойынша жүргізушілерге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушылықтарға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция ескертеді: жол қозғалысы қағидаларын бұзу және қоғамдық тәртіпті сақтамау фактілеріне жол берілмейді. Кез келген құқық бұзушылық заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.









