Дәріс өткізілді

    Дәріс өткізілді

    Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы, Еңбекшіқазақ ауданының аудандық кітапханасының қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы» тақырыбында дәріс өткізді.

    Дәріс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері, сондай-ақ заңдылықты одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді.

    Іс-шара барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттерін сақтау, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Құқықтық түсіндіру іс-шараларын өткізу азаматтардың Конституция нормалары жөніндегі түсінігін қалыптастыруға және қоғамдағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары