
Талдықорған қаласында Қала күнін бірге атап өту үшін 60 мыңға жуық тұрғын мен қонақ жиналды. Мерекелік шаралар ауқымды, жарқын әрі ең бастысы — қауіпсіз өтті. Бұл күні полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен мерекелік шараларға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ерекше бағдарламаның бір бөлігіне айналды. Қала тұрғындарының ерекше назарын ит кейпіндегі нағыз робот-полицей аударды. Ерекше «төртаяқты» қызметкер бірден ондаған адамның қызығушылығын тудырып, мерекенің басты ерекшеліктерінің біріне айналды. Робот интерактивті форматта азаматтарға жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын және интернет-алаяқтардан қорғану тәсілдерін еске салды. Құқық бұзушылықтың алдын алудың заманауи бұл тәсілі балалар мен ересектердің де қызығушылығын тудырды. Қала тұрғындары мерекені тамашалап, демалып жатқанда, полиция қызметкерлері өз қызметтерін жалғастырды. Қоғамдық тәртіп шараның басынан соңғы қонақ үйлеріне аман-есен аттанғанға дейін қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік шаралар тыныш әрі ешқандай оқиғасыз өтті. Мерекеңмен, сүйікті Талдықорған! Қаламыз әрдайым қауіпсіз, тыныш әрі мерекелік көңіл-күйге толы болсын!









