
Жетісу облысы Полиция департаменті «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 218 ҚР ІІМ бұйрығы шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат– қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 ІІМ бұйрығына сәйкес Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген лауазымдарды атқаратын қызметкерлер хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, Жетісу облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және қызметтік тізім ұсынады.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарынасәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаментінің аппараты бойынша C-SVО-7 санаты;
- қалалық және аудандық Полиция басқармалары бойыншаC-SVR-6санаты;
- Полиция департаментінің саптық бөлімшелері бойынша C-SSР-6 санаты.
2)қолданыстағытәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатыстықызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Жетісу облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады, каб. № 204, 205, 211, анықтама телефондары8 (7282)60-82-82,60-82-54,60-82-52,60-87-30,электрондық мекенжайларkozhakhmet_ernar@mvd.gov.kz,[email protected],elemesuly_rafael@mvd.gov.kz,beysenbin_i@mvd.gov.kz,sevastyanov_n@mvd.gov.kz.
Ескертпе:жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
Жетісу облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы









