Тәулік бойы тәртіп күзетінде: камералар 5 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

    Тәулік бойы тәртіп күзетінде: камералар 5 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

    Жетісу облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары өңір көшелеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері полиция бейнебақылау камераларының көмегімен 5 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. Олардың қатарында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйінде жүру деректері бар. Анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы полиция жасақтарына беріледі. Бұл құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйесі құқық бұзушылықтарды тіркеу құралы ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алудың тиімді тетігі ретінде қызмет етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары