«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке 200-ден астам адам қатысты

    «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілікке 200-ден астам адам қатысты

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында АЗТМ гүлзарында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған 200-ден астам адам қатысты. Тазалық жұмыстарына жергілікті тұрғындар, коммуналдық қызмет мамандары, дәрігерлер, кәсіпкерлер мен жастар атсалысты.

    Сенбілікке қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, гүлзарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Барлығы ұйымшылдықпен еңбек етіп, ортақ күш-жігердің арқасында аумақты таза, ұқыпты әрі тұрғындар мен қала қонақтарына жайлы етуге үлес қосты.

    Тазалық жұмыстарына арнайы техника да жұмылдырылды. Барлығы 12 бірлік техника жұмыс істеп, шара қорытындысы бойынша аумақтан 40 текше метр қоқыс шығарылды.

    Ұйымдастырушылар сенбілікке қатысып, қаланы абаттандыруға өз үлесін қосқан барша тұрғындарға алғысын білдіреді.

    Мұндай игі бастамалар тұрғындарды біріктіріп, ортақ күшпен таза, жайлы әрі көркейген қала қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алмалы ауданы Әкімінің аппараты" жаңалықтары