«ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ

    «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ

    Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында Ұстаздар күніне орай «Ұстазыма мың алғыс» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік шараның негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, білім мен тәрбие жолындағы ерен еңбегіне алғыс білдіру және мұғалім мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау.

    Іс-шара барысында лицей-интернат ұстаздарына арналған жүрекжарды тілектер айтылып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ән, би және шығармашылық қойылымдар арқылы ұстаздарға деген құрмет пен ыстық ықылас білдірілді.

    Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұстаздарға жылы лебіздер мен ізгі тілектер арналды. Ұстаз – шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, болашаққа бағыт-бағдар беретін ұлы тұлға. Ұстаздар еңбегі әрдайым құрмет пен алғысқа лайық.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары